Мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіндегі негізгі басымдылықтардың бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру болып табылады.

Бүгін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлеріне профилактикалық шара өткізілді.
Шараға арнайы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Жандос Жүсіпалиев қатысып,
өз баяндамасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңыздылығына тоқталып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу жөнінде қызметкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша басқа да статистикалық мәліметтермен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дайындалған арнайы бейнероликтермен таныстырды.
Шараның соңында, басқарма басшысы Бауыржан Шаменов ұжымға сыбайлас жемқорлықтың салдарының ауырлығын түсіндіріп, алдағы уақытта да басқармада осы бағыттағы ауқымды профилактикалық шаралар ұйымдастырылатынын жеткізді.

БӨЛІСУ