Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов, кеңес мүшелері (сонымен қатар бейне байланыс арқылы), Палата директоры Пірмұхамед Сыздық қатысты.

Жиында «Атамекен» ҚР Ұлтық Кәсіпкерлер палатасының XII съезінде өңірлік және республикалық деңгейде көтерілетін проблемалық мәселелері қаралды.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық жергілікті кәсіпкерлер көтерген негізгі үш проблемалық сұрақты атап өтті:

1) Ауыл шаруашылық жерлерге байланысты, ережелерге өзгерістер енгізу; 2) Даму қоры несиелерді субсидиялау бойынша, ережелерге өзгерістер енгізу; 3) ҚР Салық кодексіне өзгерістер енгізу бойынша (Қосылған құн салығы, арнайы салық режимдер).

Кеңес мүшелері аталған проблемалық сұрақтарды талқылай отырып, 7 қарашада Астана қаласында өтетін ҚР ҰКП-ның XII съезінде мәселелердің толық зерделенген нұсқасын жеткізуді ұсынды.

БӨЛІСУ