Бүгін Ұлттық мереке – Республика күні мен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қарсаңында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен мемлекеттік және ведомстволық мекемелер қызметкерлері арасында спартакиада өтті.

Сайыстың мақсаты – әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау, бұқаралық спортты одан әрі дамыту, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Сайысқа қатысушылар спорттың волейбол, 100 метрге жүгіру, арқан тарту, қол күрес, гір көтеру түрлерінен жарысып, қорытындысымен жүлделі бірінші орынды Еңбек мобильділігі орталығы, екінші орынды №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, үшінші орынды №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен арнаулы әлуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы иеленді.

БӨЛІСУ