2024 жылғы 17 қазан күні қалалық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі және ауыл шаруашылығы, жер және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы өтті.

Комиссия отырысына қалалық мәслихат төрағасы Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы, қалалық мәслихат депутаттары, облыстық, қалалық ветаринарлық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласының жауапты басшылары, өңірлік қаржы институттары (“Қызылорда” өңірлік инвестициялық орталығы” микроқаржылық ұйымы”, «Атамекен» Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы, «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы») өкілдері, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық кірістер басқармасы, тиісті қалалық дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссияың күн тәртібіне:
1. «Қала және кент, ауылдық округ тұрғындарына (осал топтарға) берілген мемлекеттік гранттар бойынша жобалардың іске асырылу барысы, нәтижесі мен тиімділігі туралы»;
2. «Өңірлік қаржы институттары мен екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен кәсіпкерлерді субсидиялау және дамыту мәселелері туралы»;
3. «Қалалық құрылыс бөлімі басшысының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін тиімді және мақсатты атқарылуы жөніндегі есебін тыңдау туралы»;
4. «Қарауылтөбе және Қосшыңырау ауылдық округ әкімдерінің ауылды дамыту бағытында атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдау»;
5. «Қала аумағында ветеринарлық қауіпсіздіктің жай күйі мен жануарлардан жұғатын аурулардың алдын алу» мәселелері шығарылып, талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты, Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Е.Ахетов, Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі, С.Әбдіқадіров, қалалық ветеринариялық станция басшысы Н.Төлегенов, «Қызылорда қаласының Мансап орталығы» филиалының директоры Ж.Төлегенов, Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Арын, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының директоры А.Жылқайдаров, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ж.Файзуллаев хабарлама жасап, депутаттардың сауалдарына жауап берді.

Депутаттар тарапынан кәсіпкерлерге берілетін субсидиялардың нысаналы мақсатқа жұмсалуына тұрақты мониторинг жүргізу, құрылыс саласындағы кемшіліктерді болдырмау, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдау, нысандарды салу кезінде халықтың ұсыныс-пікірлерін назарда ұстау, Ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау, мемлекеттік жеңілдіктермен несие алуға ынталы азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету, ауылдық округте инфрақұрылымды дамыту мақсатында Үкіметтік жобаларға («Өңірлерді дамыту» және «Ауыл-Ел бесігі» және т.б) ұсыныс беруді жалғастыру, жобалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, ауыл жастарының уақытын тиімді ұйымдастыру, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында тиісті органдармен бірлесіп жұмыс жасау, қалаға қарасты жылқы малын азотпен таңбалау әдісін жандандыру, малды қолдан ұрықтандандыру жұмыстарын жандандыру, тұрғындардың иесіз жүрген ит-мысықтарға қатысты шағымдарын жүйелендіру мақсатында «Call-центр» байланыс ақпараттарын әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру туралы ұсыныстарын білдірді.
Комиссия отырысына комиссия төрағалары Е.Нұртазаев, М.Жүсіп төрағалық етті.

БӨЛІСУ