Бүгін партияның облыстық филиалында тұрғындарға заңгерлік көмек көрсету бойынша «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында тақырыптық қабылдау өтті.

Қабылдауды облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Ж. Асадинұлы, департаменттің бөлім басшысы Ж.Абсат, облыстық жеке сот орындаушылар палатасының мүшесі М. Бекжанов қатысты.
Тақырыптық қабылдауда азаматтар жеке сот орындаушылардың әрекеттері және әрекетсіздігі туралы өтініштері мен шағымдарын білдірді.
Мәселен қала тұрғыны өндірістегі іс бойынша барлық берешегін өтеп, сот орындаушының ақысын төлесе де борышкерлер реестрінен әлі де алынбағанын айтып, мәселені оңтайлы шешуге көмек сұрады.
Департамент өкілдері жеке сот орындаушыға хабарласып, заңдылығын анықтап, реестрден алып тастау туралы ұсыныс білдірді. Нәтижесінде мәселе оң шешіліп, реестрден алу жұмыстары жедел жүргізілді.
Сонымен қатар, алимент өндіру бойынша істе салғырттық танытқан жеке сот орындаушының мәселесі бойынша жүгінген жалғызбасты анаға заңнама аясында кеңестер беріліп, жазбаша өтініш қалдыру қажеттілігі айтылды.
«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» жобасы 2023 жылдың мамыр айынан бастап жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында заңгер, адвокат, медиатор және құзырлы мекеме өкілдерінің тақырыптық қабылдаулары өткізіліп, тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беріледі.
2023 жылы облыс бойынша барлығы 134 қабылдау өткізіліп, 367 мәселесі қаралды. 244 тұрғынға құқықтық кеңес берілді. 104 тұрғынның құқығын қорғау бойынша сүйемелдеу шаралары жүргізілді.
2024 жылдың есепті кезеңінде «Құқықтық көмек» жобасымен өткен 103 қабылдауда 241 мәселе қаралды. 46 тұрғынға кеңес беріліп, 31 тұрғынға құқықтық сүйемелдеу шаралары жүргізілді.

БӨЛІСУ