Халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылорда қалалық №1 бөлімінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Қызмет алушылар күні» жобасы аясында «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жылжымайтын мүлікке объектінің паспорты, кадастр және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы-жер учаскесін рәсімдемуге, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау» тақырыбында мемлекеттік қызметтер бойынша азаматтарды қабылдау шарасы өткізілді.

Шараға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, Қызылорда облысының Әділет департаменті, Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі мен Қызылорда қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінен жауапты мамандар қатысып, 56 тұрғынның сауалдарына тиісті органдардан шешу жолдары қарастырылып, кеңестер айтылды.

Жобаның мақсаты – Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес мемлекеттік қызметтерді алу бойынша заңды құқықтар туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

БӨЛІСУ