Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы аграрлық сектордың мәселелері жөніндегі республикалық кеңес отырысы өтті. Жиынға бейнебайланыс арқылы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Жаханов Бақыт Дүйсенұлы, партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Төрешова Ләйлә Бегалықызы және сала басшылары қатысты.

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар, жайылымдық жерлерді пайдалануда заңнаманың жаңа нормаларын іске асыру, оның ішінде:
– ауыл шаруашылығы алқаптарын заңды пайдалану, сондай-ақ елді мекендер тұрғындарының малдарын жаюға арналған жайылымдық жерлердің тапшылығын жою мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бердалин Аманғали Бисенбайұлы баяндама жасады.

Вице министрдің мәліметінде ауыл шаруашылығы алқаптарын заңды және тиімді пайдалану мәселелері бойынша 2024 жылдың басынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелері республика бойынша 2,5 миллион гектар алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 1565 жоспардан тыс тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде 1,9 миллион гектар жер бойынша заң бұзушылықтарды жою бойынша 1190 нұсқама енгізілген.
Ал пайдаланылмаған 177,7 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлі түрде алып қою бойынша сот процестері жүргізілуде.

Айта кететін жағдай, 2 миллион гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерінің бүгінгі таңда 1,7 миллион гектары қайтарылған.
Бұған дейін қайтарылған жер аумақтарын халыққа беру, оларда шаруашылық бағытын дамыту мәселесі де кенже қалмаған. 2022 жылдан бері еліміз бойынша қайтарылған 11,7 миллион гектар жерлердің 4,8 миллион гектары жергілікті халыққа қайта бөлінген. Оның ішінде 1,9 миллион гектары жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін ортақ пайдалануға берілді.

Жайылымдар бойынша туындаған мәселелерді министрлікпен жергілікті әкімдіктер бірлесе жүзеге асыруда. Соның нәтижесінде өткен жылмен салыстырған жайылымдық жерлердің тапшылығы 41%-ға, яғни 8,4 млн. гектардан 4,9 млн. гектарға төмендеп отыр.
Дегенмен, біздің өңірде де жайылымдық жерлердің қажеттілігі байқалады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес өңірдегі 153,8 мың мал басына 1966,5 мың гектар жайылық жер қажет етіледі.
Осы орайда, өңір бойынша жыл басынан жері 70,0 мың гектар жер қайтару жоспарланса, бүгінгі көрсеткіш 75,0 мың гектарға жетіп отыр.
Жайылымдық жерлерді қайтарумен қатар орман алқаптарына жататын жер телімдерін жайылымдық бағытқа өзгерту арқылы да аталған мәселелер өз шешімін тауып келеді.

БӨЛІСУ