Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте көтерілген тапсырмаларға сәйкес 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары мен вегетациялық кезеңнің өтуінің аяқталуы туралы мәселелері қаралып, нақты тапсырмалар берілді.

Үстіміздегі жылдың 9 айында жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім қалыптасқан.

Бұл ретте, меншік нысанына қарамастан барлық мекеме басшыларына облыстық басқарма, департаменттермен тығыз жұмыс жасап, салалары бойынша ауданға қатысты көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз ету қатаң тапсырылды.

Сондай-ақ, бюджеттік бағдарлама әкімшілері, бюджет қаражатының игерілуіне аса мән беруі тиіс. Оның ішінде Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар бірінші кезекте игерілетін болады.

БӨЛІСУ