Бүгін облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен ерекше жандардың шығармашылығына арналған XI облыстық «Жүрек жылуы» өнер конкурсы өтті.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан өнер мерекесіне биыл 300-ге жуық өнерпаз қатысты.
Өнерпаздарға вокал, халықтық орындау, көркемсөз оқу, би жанрлары бойынша режиссер, мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері, Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры жанындағы, қуыршақтар театрының режиссері Жанмұратова Күләш, әнші, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің оқытушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қ. Ақдәулетова атындағы балалар студиясының жетекшісі Белгібаева Жадыра, “Сыр сұлуы” халық ән-би ансамблінің жетекшісі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің оқытушысы Жұбанова Ардақ, күйші, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблінің домбырашысы Әлжанов Алмаз қолөнер, көркемсурет жанрлары бойынша, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының суретшісі, мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері Джұбанышов Берік, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, «Қарлығаш» шеберлер орталығының төрайымы Ильясова Қарлығаш, Қазақстан Суретшілер одағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасы, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Сагимбаев Темірбек қазылық етті.
Әр жанр бойынша жеңімпаздар анықталып, қатысушыларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.