Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Оқу-ағарту министрлігінің басшысы Гани Бейсембаевпен бірге елордалық №95 мектеп-лицейіне барып, оқушылардың денсаулығын сақтаудың бірқатар мәселелерін талқылады.
Ведомство басшылары мектеп асханасын аралап, санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтау мәніне тамақ дайындау шарттарымен танысты, қызметкерлермен және оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесті. Содан кейін мектеп рационының тағамдық құндылығын, қауіпсіздігін, құнарлылығын, әртүрлілігін ескере отырып, оны жақсарту жолдары талқыланды.
Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі мектептегі тамақтану стандарттарын қайта қарауда, балалар организмінің физикалық және психикалық дамуы үшін пайдалы болатын бірыңғай мәзір әзірленетін болады.
Биыл елімізде 3,9 млн-ға жуық мектеп жасындағы балалар бар, оның ішінде 1,7 млн бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Кездесу барысында айтылған екінші маңызды тақырып – 1000-нан астам оқушысы бар мектептерде стоматологиялық кабинеттерді ашу. Бүгінгі таңда 6 өңірде 98 кабинет жұмыс істейді, онда қабылдауды дантисттер жүргізеді. Бірақ одан әрі «Сау тіспен болашаққа» жобасының шеңберінде мектеп жасындағы барлық балаларды стоматологиялық аурулардың профилактикасымен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарлануда.