Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даму картасы цифрлық форматқа көшеді
Биылғы жылы мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы автоматтандырылды. Ол балалардың дағдыларының дамуы мен қалыптасуын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ОКҚ алаңында Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері хабарлады.
«Мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы бізге әр баланың қажеттіліктерін тереңірек түсінуге және мектепте оқуды сәтті бастауға дайындауға мүмкіндік береді. Картада дамудың барлық маңызды аспектілері көрсетілген: типтік оқу бағдарламасын игеру барысында қалыптасатын физикалық жағдай, коммуникативті, танымдық, интеллектуалды, шығармашылық, зерттеу және әлеуметтік-эмоционалды дағдылар. Мұндай жүйелі тәсіл сапалы білім беруді қамтамасыз етеді және балалардың бастауыш мектепте табысты бейімделуіне ықпал етеді», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамова.
Карта цифрлық форматқа ауыстырылды және ұлттық білім беру дерекқорымен интеграцияланды, бұл ақпаратты мектептерге жолдауға мүмкіндік береді және мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш білім беру арасындағы үздіксіз сабақтастықты қамтамасыз етеді.