Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Әбдімомын Алдияров, Сабитхан Досанов, Құттықыз Ыханова, Айнұр Архабаевалар партияның Шиелі аудандық филиалына қарасты «Иіркөл» БПҰ мүшелерімен кездесіп, референдум қорытындысын талқылады.
Кездесу барысында Ә.Алдияров кеше елімізде Атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдум өз мәресіне жетті. Атом электр станциясын салу құрылысы бойынша өткен референдумда 7,5 млн қазақстандық дауыс берген. Соның ішінде Сыр жұртшылығы саяси науқанға қатысу көрсеткіші бойынша 82,48%-бен өте жоғары белсенділік көрсетті. Бұл өңір халқының ел болшағы үшін қабылданатын шараларға бей-жай қарамайтындығының көрінісі екенін атап өтіп, қатысушыларға ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар штаб мүшелері АЭС салу бойынша өткен референдумды еліміз үшін аса маңызды, халық үшін оң қадам екенін атап өтті.
Жиын барысында азаматтар ендігі АЭС құрылысын жүргізу мәселесі толғандырды. Штаб мүшелері бұл бағытта Мемлекет басшысы үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізетінін, Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажеттігін айтқанын жеткізді.