Қазалы аграрлы – техникалық колледжінде «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК» тақырыбында жалпы ата – аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес директордың оқу – өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Арзақынов Қаршыға Меңдіқұлұлы 2024-2025 оқу жылындағы жаңалықтар, өзгерістер жеткен жетістіктер мен алдағы міндеттер туралы хабарлама жасаса, директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Баекеева Шарбану Толыбайқызы колледждегі оқу процесінің жүргізілу барысына тоқталды.
Қазалы ауданы полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі Ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Бегалиева Махаббат Төлепбергенқызы “Кәмелетке толмағандар мен ата-аналардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы, «Интернет алаяқтықтың алдын алу», «Білім беру ұйымдарында тыйым салынған, пайдалануға шектелген заттар тізбесі» туралы таныстырып, ата – аналарға бала тәрбиесіне байыпты қарау керек екенін айтты.
Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Жаңылова Гүлазат Инабатқызы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: ерекшеліктері мен жаңартылған мазмұны туралы таныстырып, бейнероликтер көрсетіп, таныстырылым көрсетті.

Жиналыс барысында «Бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтары», Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Терроризмге қарсы орталығы Штабы ұсынған «Қауіптің алдын алу және салдарын азайту» тақырыбындағы арнайы бейнероликтері көрсетіліп, «Интернетте не істеуге болмайды?» ата – аналарға арналған жадынамалар таныстырылды.
Ата – аналар тарапынан қойылған сауалдар тыңдалып, бала қауіпсіздігіне байланысты пайдалы ақпараттар беріліп, шешімдер қабылданды.

БӨЛІСУ