Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі Ж.Ысқақ жұмыс сапарымен Сырдария ауданының Ақжарма ауылында болды.
Сапар барысында «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Е.Жақыппен бірге Абай атындағы №130 орта мектепке барды.
2 ауысымды мектептің материалдық базасы жаңа физика кабинетімен толықтырылып, химия, биология және жаңа модификациялық инклюзивті кабинет жаңадан жабдықталған. Сонымен қатар, «Математика кабинеті», «География кабинеті», «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті» кабинеті, «Ағылшын тілі» кабинеті, «Информатика» 2 кабинет,« Бастауыш сынып» 6 кабинет, «Қыздарға арналған шеберхана» және «Ұлдарға арналған шеберхана» кабинеттері жұмыс жасайды.
Аула талапқа сай қоршалған. Су және кәріз жүйелері орталықтандырылған. Білім ордасында үлкен спорт зал мен акт залы және кітапхана, компьютер сыныптары бар.
Мұнан соң, халық қалаулылары 140 орындық «Бүлдіршін» балабақшасына барып, балабақша жұмысымен танысты.
2 қабатты ғимарат 1975 жылы салынған, 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Балабақшада бүгінгде 120 бала тәрбиеленуде. Барлығы 16 педагог жұмыс істейді.
Кездесу барысында депутаттарға қызметкерлер тарапынан бірнеше ұсыныстар айтылды.
Айтылған ұсыныстар облыстық мәслихат депутаттарының назарында болады.
Мұнан соң жұмыс сапары Іңкәрдария ауылында жалғасып, мәслихат депутаттары ауылдағы №191 мектепке барып, мектептің жай-күйімен танысты.
Мектептің іргетасы 1990 жылы қаланған. 2 қабатты типтік жобада салынған мектеп ғимараты 2000 жылы іске қосылған. 624 орындық мектепте білім беру қызметі 3 сатыда (бастауыш, негізгі, орта) жүзеге асырылады. Бір ауысымда, бес күндік жұмыс аптасына негізделіп жұмыс жасайды. І ауысымда-186 оқушы білім алуда. Мектептегі сыныптар саны – 12. Қазіргі таңда білім алушылардың саны –186 бала. Қазіргі уақытта жалпы 71 қызметкер жұмыс жасайды.
Сапар барысында халық қалаулылары ұжым қызметкерлерінің ұсыныстарын тыңдады және ағымдағы мәселелерді талқылады.

БӨЛІСУ