Үйлестіру кеңесінің отырысында өңірдегі экологиялық мәселелер қаралды.

Облыс прокуроры Ризабек Ожаровтың төрағалығымен өңірдің экологиялық мәселелерін шешудегі жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың атқарылған жұмыстары Үйлестіру кеңесінде қаралды.

Жиында облыс прокуратурасымен экология саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесі талқыланды.

Мәселен, облыс аумағындағы тұрмыстық қалдықтар полигондарының экологиялық, санитариялық талапқа сай келмейтіні, тарату қорлары ашылмағаны, жергілікті әкімдікпен қалдықтарды басқару бағдарламалары әзірленбегені, қалдықтарға арналған тарифті негізсіз қымбаттатқаны, уәкілетті органмен әкімшілік істерді қарауда заң бұзушылықтарға жол берілген фактілер орын алған.

Қызылорда облысының прокуратурасымен экологиялық заңнаманы бұзған ірі жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты 1 млрд теңгеден астам айыппұлдар салынып, 900 млн теңгеге жуық келісімшарттық міндеттерін орындамаған (өңірдік әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландырмаған) компаниялармен қаржылардың мемлекетке аударылуына қол жеткізілген болатын.

Осыған байланысты орын алған кемшіліктерді жою мен алдағы атқарылатын кешенді іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылды.

БӨЛІСУ