Аудандық Халықтық штаб мүшелері аудандық кітапхана қызметкерлерімен кездесті.

Сала өкілдерімен кездесуде штаб мүшелеріі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндады. Оның ішінде атом энергиясына қатысты мәселелер де талқыланды.
Халықтық штаб мүшесі С.Қуандықова: Атом электр станциясының құрылысы қай елде болмасын жаңа мүмкіндіктер ашады. Жұмыс істеп тұрған атом электр станциясындағы бір жұмыс орны, орта есеппен инфрақұрылымда 10-ға дейін жаңа жұмыс орнын жасақтайды. Атом электр станциясының құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытуды да көздейді. Мәселен, аймақты дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, онда жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және т.б. салынады. Атом электр стансасының құрылысы жергілікті бюджетке түсетін салықты арттыруға серпін беріп, ұзақ уақыт бойы электр энергиясының тұрақты бағасын қалыптастыруға ықпал етеді,-деді.
Ал аудандық Халықтық штаб мүшесі А.Қонысбаев: Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның халықаралық мәртебесін айтарлықтай арттырып, әлемдік аренадағы орнын нығайта алады деп санаймын. Себебі, атом электр станциялары елді энергетикалық тәуелсіздікпен қамтамасыз етіп, импорттық ресурстарға тәуелділікті азайтады. Атом электр станцияларын дамыту экономикалық өсуді ынталандыра отырып, технологиялық прогреске және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді,-деді.
Кездесуде сала қызметкерлері атом энергиясы жайлы өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.

БӨЛІСУ