Халықаралық қарттар күніне орай ауданымызда ардагерлер мен ақ жаулықты аналарға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы қатысып, ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың Қармақшы ауданының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

– Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Бүгінде еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ-ғұмыр, отбастарыңызға береке-бірлік, амандық тілеймін, – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, аудан экономикасын нығайтуға сүбелі үлес қосқан бір қатар ардагерлерге Қызылорда облысының Құрметті ардагері төсбелгісі мен алғыс хаттар табыстап, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып құрмет көрсетті.

Мерекелік кеште ардагерлер осындай құрметке шынайы ризашылықтарын жеткізіп, игі тілектерін арнап, батасын берді.

БӨЛІСУ