ҚР Парламенті Сенаты депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемовтың АЭС маңыздылығын насихаттау бығытындағы кезекті сапары №3 қалалық емханада жалғасты.

Қаланың Астана, Саяхат, Арай, Сәулет секілді ірі мөлтек аудандарының тұрғындарына қызмет етіп отырған емхана ұжымы атом энергетикасы бойынша маңызды сауалдарын жолдады.

Кездесуде штаб мүшесі Руслан Рүстемов атом энергетикасындағы кадр әлеуетіне, отандық ғалымдардың жетістігіне және Ядро физикалық институт жұмысына тоқталды.

Штаб мүшесінің сөзінде аталмыш орталық өз жұмысын 1957 жылы бастаған. Әлемдегі атом станциялары мен реакторларының жұмысын бақылауда ұстайтын халықаралық «МАГАТЭ» ұйымы орталықта бірнеше мәрте тексеріс жұмыстарын жүргізіп, бірде бір рет ескерту бермеген екен. Демек, отандық ғалымдар тиісті деңгейде қызмет етіп отырғандығын атап өтті.

Ал, штаб мүшесі Наурызбай Байқадамов атом станциясынан келетін еш қауіптің жоқтығын, дамыған технология заманында оқыс оқиғалардың алдын алу ойластырылғанын жеткізіп, Ұжым мүшелерін болашақ ұрпақ үшін дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Атап өту керек, жалпы сала мамандары атом станциясы реакторының ІІІ+ буыны арнайы қауіпсіздің технологиясымен жабдықталған және өзінің тиімділігін дәлелдегендігін айтуда.

Жиында медицина саласының өкілдері уранның адам денсаулығына әсері жайында сауалдар жолдап, жауап алды.

БӨЛІСУ