Достық үйінде Қызылорда облысының мәслихат депутаттары Ержан Искендер, Гүлшат Мусаева облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері және жастармен “Әділетті Қазақстан: қоғамдық оптимизм” тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде мәслихат депутаттары ел Президентінің Жолдауда көтерген бірқатар мәселелер: мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне жастардың қатысуы, жаңа қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, сондай-ақ Атом электр стансасын салу туралы жалпыұлттық референдум және ел экономикасын жасайтын еңбек адамдары туралы кеңінен сөз қозғады.
Жастар Қазақстанда АЭС салу елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің берік негізін, жаңа өнеркәсіптік және технологиялық деңгейге шығуының маңызды іргетасын жасайды деген пікірлерін ортаға салды.
Кездесу соңында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров 29 қыркүйек – Еңбек күніне орай ел қамын ойлаған еңбек адамдары “Санитарлық тазалау және абаттандыру” секторының қызметкерлері Тоғжан Пірманова, Гүлсім Тасбергеноваға құрмет көрсетті.
Мекеме директоры Бақытжан Жарылқасынұлының Алғысын табыстап, жылы лебізін білдірді.
“Еңбек – өмір мәні» десек, бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі. Сіздердің лайықты, қажырлы еңбектеріңіз үшін риясыз алғыс айтамын. Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!”-деді.