Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Құрылыс» және «Өнеркәсіп» салалық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дәурен Сейтжанов жүргізген жиынға мемлекеттік орган өкілдері, кеңес мүшелері, кәсіпкерлер мен палата қызметкерлері қатысты.
Отырыста ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, еліміздің энергетика саласына мол үлес қосқан Табылов Рысбек Садықұлына ҚР Энергетика министрлігінің «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе төңірегінде Мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы Дәулет Имаш сөз алып, кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға байланысты шектеулері туралы баяндады.
Облыстық прокуратураның аға прокуроры Ғалымжан Тілеужан бақылау және қадағалау органдарының кәсіпкерлік объектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау бойынша тексеру нәтижелері туралы актіні кәсіпкерлерге табыс етуі міндетін түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, облыстық бақылау жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Айдос Асқар және «Халықты әлеуметтік қорғау салалсындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің» бөлім басшысы Төреахмет Жолымбетов 55 жасқа толған зейнеткерлік жасқа дейінгі зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем бойынша толыққанды ақпарат беріп.
Отырыс барысында спикерлер салалық кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер тарапынан қойылған біршама сауалдарға жауап беріп, ортақ пікір-талас жүргізді. Сондай-ақ, жиынға аудан кәсіпкерлері онлайн форматта қатысты. Мемлекеттік орган өкілдері кәсіпкерлер тарапынан берілген ұсыныстарды назарға алып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға даяр екендіктерін жеткізді.