Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырмасына сәйкес «Ерлік ерге мұра, ұрпаққа ұран» әлеуметтік жобасы аясында «Ардагерін ардақтаған ел ардақты» тақырыбында облыстық конференция ұйымдастырылды.
Конференцияны Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Әбілдаев Қуаныш Әділбайұлы ашып, ардақты ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, жастарға патриоттық тәрбие беру бағытында белсенділік танытып жүрген ҮЕҰ-дың төрағаларын Алғыс хаттармен марапаттады.
Шара барысында, өңіріміздегі жастарға үлгі-өнеге болып, патриоттық бағытта тәлім-тәрбие беріп жүрген ҮЕҰ өкілдері, Ардагерлер одағының «Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысуышлардың» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Орынбайұлы, қалалық “Чернобыль” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шахатов Жұмабек Алиханұлы және «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім шарты әскерінің тобы» ардагерлер» (ГКӘТ, ВКШӘТ) Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі филиалы директоры Шүренов Алтынсары Алекееұлы ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, өздерінің ыстық лебіздерін жеткізді.
Сонымен қатар, Қазақстан республикасы «Ұлттық ұлан» №5547 әскери бөлімінің майоры Ертуғанұлы Жанұзақ және Төтенше жағдайлар департаментінің маманы Жарболов Қанат «Жастарды Отан сүйгіштікке баулу», «Еңбектеріңіз ел есінде» тақырыптарында баяндамаларын оқыды.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, шараға қатысушылар естелік фотоға түсті.