Жалағаш ауданының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша №19 санаторлық бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі Абдуайтова Элеонора Оңдасынқызы республикалық «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ҰЙЫМЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» байқауынан 1 орынды жеңіп алды.

Элеонора Оңдасынқызы – педагог-сарапшы, бұған дейін «Мектепке дейінгі үздік педагогі» облыстық байқауының аудандық кезеңінде 1 орын иеленді, «Мектепке дейінгі үздік педагог» облыстық байқаудан 1 орын иеленген,
«Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін ойын әрекетінде жетілдіру» облыстық вебинарда іс-тәжірибесімен бөліскені үшін сертификатталды. Қызылорда облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

БӨЛІСУ