АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшесі Абден Қарақат Жақсылыққызы, облыстық штаб мүшесі Өмірзақ Серікбай Ыдырысұлы және аудандық штаб мүшелері Каюпов Сламбек Шахапұлы, Ибадуллаева Динара Дүйсенбекқызы Қоғалыкөл ауылында тұрғындармен кездесті.

Халықтық штаб мүшелері ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында АЭС салу мәселесінің маңыздылығына тоқталып өтті. Елімізде атом электр станциясын салудың стратегиялық аспектілері туралы тарқатып айтып берді.
«Бүгінде электр қуатының тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында көбірек байқалуда. Ал бұл мәселе уақтылы шешіліп, электр энергиясының жаңа көздері енгізілмесе тапшылық жыл сайын өсе бермек. Осы ретте Мемлекет басшысының атом электр стансасын салу бастамасы экономикалык тұрғыдан ең тиімді шешім болып отыр», – деді Қарақат Жақсылыққызы.
«Aлдaғы oнжылдықтa әлeмдe энepгeтикa сaлaсындa жaғдaй күpдeлeнуі мүмкін. Бүгінгі күннің өзіндe eліміздe энepгияғa дeгeн сұpaныстың apтуы уaқыт өткeн сaйын apтпaсa, aзaймaудa. Өйткeні тaбиғи өсім мeн экoнoмикaның дaмуы энepгияғa дeгeн тұтынушылықты ұлғaйтып жaтыp. Сoндықтaн, 100 жыл бoйы жeлдің күшінe, күн бeлсeнділігінe тәуeлді eмeс, энepгия aлудың тұpaқты әдісі AЭС жoбaсы дeугe нeгіз бap», – дeді штaб Серікбай Ыдырысұлы.
Aуыл тұрғындары еліміз үшін мaңызды бастаманы қолдайтындарын, АЭС салу заман тaлабы екенін aлға тартты.

БӨЛІСУ