Аймақтық және қалалық Халықтық штаб мүшелері білім саласының өкілдерімен кездесті. Басқосуда оқытушылар қауымына Мемлекет басшының жолдауынан туындаған маңызды мақсат-міндеттер баяндалды.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа жолдауында атом энергетикасының әлеуетін пайдаланып, АЭС салу қажеттілігін, ол үшін жалпыхалықтық референдум өткізу жайлы жарлыққа қол қойған болатын.
Білім саласы өкілдерімен кездесуде аймақтық Халықтық штаб мүшесі Баймырза Қожамберлиев атом энергетикасының келешек ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды.
«Келешек ұрпақ үшін атом энергетиксын игеру өте маңызды. Бүгінде электр қуатының жетіспеушілігі бірқатар өңірлерде байқалуда. Сондықтан жетіспейтін қуат көзін шет мемлекеттерден сатып алып отырмыз. Ал жасыл энергия саналатын атом станциялары біздің біршама қажеттіліктерімізді өтеп, ел әлеуетінің тиімділігін арттырады»,-деді.
Ал қалалық Халықтық штаб мүшесі Гүлшат Мұсаева: Атом станцияларының халықаралық талаптар бойынша жұмыс жасауын «МАГАТЭ» ұйымы қадағалайды. Олардың тиісті ережелері мен нұсқамалары болады. Оның үстіне осы ұйымның талаптары негізінде атом станциясына бөлінетін қаражаттың 40 пайызы қауіпсіздік технологиясына жұмсалады. Сондықтан, электр энергиясының тұрақты, тиімді әрі қалтаға қонымды болуы үшін атом энергетикасы қажет деген пікірін жеткізді.
Кездесуде оқытушылар атом станциясы салынған жағдайда қай өңірге салынатынын, оның тиімділігі мен әсері жайлы сауалдар жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.