Бүгін Достық үйіне «Мәдени мұра» халықаралық жобасы аясында Түркия Республикасының Жастар және спорт министрлігінен делегация келді.

Делегацияны “Қоғамдық келісім” КММ басшылық өкілдері және өңірлік “Ассамблея жастар” ұйымының төрағасы Елена Пак қарсы алды.
Меймандар Достық үйін аралап, оның қызметімен танысты.
“Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасарлары Дәулет Омаров және Фархат Әбдібағдатұлы Сыр өңірінде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында қолға алынған істерге, “Қоғамдық келісім” КММ этномәдени бірлестіктер жұмысын үйлестірудегі оң нәтижелерін және Достық үйі – бейбітшілік пен келісім, жарқын бастамалардың, көп функционалды орталықтардың шаңырағына айналғандығын айтып өтті.
Ал “Ассамблея жастары” ұйымының төрағасы Елена Пак жастар жобаларын таныстырды.
Делегация құрамындағы Анталия қаласының жастар орталығының белсенді, ерікті жастары “Ассамблея жастары” ұйымының жұмыстары туралы бірнеше сауалдар қойып, өзара тәжірибе алмасты.
Жылы жүздесу соңында меймандарға ғылыми және тарихи кітаптар сыйға берілді.

БӨЛІСУ