Аудан әкімі Ардақ Ибраимов М.Шәменов, Қаракеткен ауылындағы әлеуметтік нысандардың жәй-күйімен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Халықпен кездесу барысында Мемлекет басшысының, Үкіметтің, облыс әкімінің қолдауымен ауылдарда жүзеге асырылған жұмыстарды атап өтіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Алдымен аудан әкімі М.Шәменов ауылында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Ауыл ақсақалдарымен кеңесіп, ұсыныстарын тыңдады.
М.Шәменов ауылдық округі бойынша 2024 жылы жалпы құны 286,4 млн. теңгеге ауылға кіреберіс аудандық маңыздағы 1,4 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.
Сондай-ақ, 86,5 млн. теңгені құрайтын М.Шәменов ауылына кіреберісінен сол және оң жақ жағалау көшелерінің құрылысы және 169 млн. теңгені құрайтын Ә.Тәшімбетов көшесінің құрылысына тиісті қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы құрылыс жұмыстары басталатын болады.
Жалпы құны 648,1 млн. теңге болатын М.Шәменов елді мекеніне газ құбыры мен газ тарату желілерін салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда газ құбыры мен газ тарату желілерін салу жұмыстары толығымен аяқталып, мердігер тарапынан кемшіліктерді толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың жылу беру маусымына дейін толық пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Мұнан соң аудан әкімінің сапары Қаракеткен ауылында жалғасты. Бұл ауылдарда да жергілікті тұрғындармен жүздесіп, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты.
2024 жылы 388,7 млн. теңгеге Қаракеткен ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысының жұмысы қарқынды жүруде. Аталған ғимаратты биылғы жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар, тұрғындардың ұсынысына сәйкес, елді мекенге кіре беріс жолын жәй жөндеуге бюджеттен 13 млн теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Демеушілер арқылы құны 10 млн. теңгеге балалар ойын алаңының құрылысы мен 3,5 млн. теңгеге ауылға кіреберіс арка орнатылды.
Қаракеткен, М.Шәменов ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдаған аудан әкімі ауылдың әлеуетін дамыту мақсатында сала бойынша жауапты сала басшыларымен ауыл әкімдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ, түнгі жарықтың қалыпты жұмыс жасауын, аула, көше тазалығын қамтамасыз ету, жолдарды күтіп ұстау, жылу беру маусымына дайындықты күшейту, балалар мен спорт ойын алаңдарының талапқа сай болуын қатаң тапсырды.