Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Күзет қызметін бақылау бөлімі мен облыстық білім басқармасының қызметкерлері бірлесіп, білім беру ұйымдарындағы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік шаралар жүргізді. 25.09.2024 жылы сағат 07:30 бастап Қызылорда қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің оқушылары сабаққа келу барысында жеке күзет ұйымының қызметкері және ювеналды полиция бөлімінің, мектеп әкімшілігінің қызметкерлерімен бірлесіп, теміріздегіш құралдарымен мектепке әкелуге тыйым салынған заттарға тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру жұмыстары Ә.Молдағұлова атындағы №173, С.Алжиков атындағы №144, С.Лапина атындағы № 261 орта мектептерде жалғасып, оқушыларға атыс, пышақтау-кесу қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш, тез тұтанатын, химиялық және улы заттарды, оның ішінде газ баллондарын, көзден жас ағызатын, бұрыш, психоактивті заттарды және т.б. алып жүруге тыйым салынғандығы жөнінде түсіндірілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар облыс көлемінде 297 мектеп оқушылары мен 28 колледж студенттері арасында жалғасын тапса, ата-аналар жиналыстары ұйымдастырлып заң аясында жауапкершіліктері туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
2024-09-25