«Қызылорда облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің мамандары Дамир Бектастың, Едіге Жұмахметовтің және аудандық қоғамдық даму бөлімінің маманы Б.Бермагамбетованың қатысуымен Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын дамыту аясында ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу профилактикасын жүргізу, радикалдық діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру, жат ағымның алдын алу мақсатында «Қоғам және дін» тақырыбында аудан орталығындағы Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейінің, И.Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп-лицейінің, О.Әбділпаттаев атындағы №210 орта мектебінің, Т.Қозыбаев атындағы №131 орта мектебінің жасөспірімдерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Жиын барысында жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни топтарға айналдыруға жол бермеу, интернет пен шетелден діни білім, ақпаратты алу жөнінде түсіндерме жұмыстары жүргізіліп, діни мазмұндағы дұрыс мәліметті алу көздері ұсынылды.
Кездесу соңында қатысушы жасөспірімдер келген мамандарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

БӨЛІСУ