Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы З.С.Арынова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері – доцент А.Ж.Аяғанова, аға әдіскер А.А.Тұрабаева Қазалы ауданының мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандарына «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында көшпелі оқыту семинарын өткізді. Семинарға 35 тыңдаушы қатысты.
«Ең алдымен адамдар» оқыту семинарының мақсаты – адамдарға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру.
Семинар барысында талқыланған тақырыптар:
Тұтынушыға бағдарланған қызмет көрсету;
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
Көрсетілетін қызметтерді тұтынушыға бағдарлаудың психологиялық аспектілері;
Адамдармен психологиялық байланыс орнату қағидаттары;
Практикалық кейстерді талқылау.
Сонымен қатар, семинарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өзекті мәселелерді адамдарға оңтайлы түрде шешу мәселелері қарастырылып, семинарға қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

БӨЛІСУ