«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде белгіленген «943-Елдің нысаналы (мақсатты) мектептерін дамыту» жобасына Шиелі ауданы бойынша 9 мектеп еніп отыр.

Мақсатты мектептер PISA, ҰБТ, халықаралық зерттеу нәтижелері, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі және басқа да көрсеткіштер бойынша іріктелді.

«Мақсатты мектептер» жобасының мақсаты – жергілікті жерлерде білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс құралдары мен тетіктерін ұсыну.

Осыған орай аудандық білім бөлімі бойынша әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Шиелі кенті орталағында орналасқан №252 мектеп базасында аудандағы мақсатты мектептер тізіміне енген мектептер бойынша мектеп басшыларының қатысуымен оқу-әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.

Жиынды білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Ақпанбетов
мектептердің жеке портреттері мен 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары, біліктілік арттыру бойынша мұғалімдерді оқытудың қаржылық мәселелері талқыланып, алдағы оқу жылында атқарылатын шаралар бойынша түсіндірме жасады.

БӨЛІСУ