Кәсіптік бағдар беру бүкіл оқу-тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.
Мектептегі кәсіптік бағдар-бұл оқушыға мамандық таңдауда көмек көрсету, олардың мамандықтың әлеуметтік-экономикалық, психофизиологиялық сипаттамалары, адамға қойылатын талаптары туралы қажетті білім көлемін игеруге бағытталған іс-шаралар жүйесі.
Осыған орай, мектептегі кәсіптік бағдар беру үдерісін оқушыға мамандық таңдауда көмек көрсету, олардың мамандықтың әлеуметтік-экономикалық, психофизиологиялық сипаттамалары, адамға қойылатын талаптары туралы қажетті білім көлемін игеруге бағытталған іс-шаралар жүйесі ретінде қарастырамыз. Ол мектеп оқушыларының ғылым негіздерін, факультативтік курстарды оқып-үйрену, үйірмелердің, клубтардың жұмысына қатысу, сыныптан тыс жұмыстар мен қоғамдық пайдалы еңбектің бүкіл жүйесін жүргізу үрдісінде жүзеге асырылады.
Бүгін барлық аудан мектептерінде “Кәсіби бағдар беру – табысты болашаққа маңызды қадам” тақырыбында әдістемелік күн шарасы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жасөспірімдердің ерте кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтау қажеттілігін анықтай отырып, олардың бойында тұлғалық ерекшеліктерді қалыптастыру.
Осы уақытқа дейін ауданның барлық негізгі және орта білім беретін мектептері ғылыми-әдістемелік қызмет пен кәсіби бағдар беру жұмысын жетілдіру мақсатында еліміздегі жоғары оқу және ауданымыздағы арнаулы орта оқу орындарымен меморандумға отырып, бірлескен қызметін бастап кеткен болатын. Сонымен қатар облыс көлеміндегі алдыңғы қатарлы тірек мектептерінің жобалық жұмыстарын практикаларына ендіру үшін тәжірибе алмасу шараларын үйлестіруде. Бүгінгі өткізілген аудандық шаралар табысты қызметке қадам жасаудың айғағы іспеттес.
Жоспарлы жұмыстарға жоғары оқу және арнаулы орта оқу орындарының өкілдері шақырылып, кіші буын оқушыларына мамандық түрлеріне байланысты таныстырылымдар жасаса, орта және жоғары буын оқушыларына кәсіпалды даярлықты жүргізудің аспектілерімен таныстырып, мамандық таңдаудағы психо-физиологиялық ерекшеліктерге аса мән беру мен дайындық жүргізудің қыр-сырын меңгертті. Ауылдық елді мекендердегі мектептерде сұқбаттар онлайн-байланыстар бойынша жүзеге асырылды.
#аралауданы