Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша АЭС салуды қолдау жөнінде Жастар ресурстық орталығының ғимаратында белсенді жастармен «БАТЫЛ ШЕШІМДЕР УАҚЫТЫ» тақырыбында кездесу жиыны өткізілді.

АЭС салуды қолдау жөнінде қастысушыларға Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум – жалпы халықтық деңгейде өткізілмек. Бұл Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асыуының бірден-бір дәлелі – деді.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды. Осы мәселені шұғыл әрі түбегейлі шешу керек.

Сонымен қатар «Біздің ұрпағымыздың қуатты және ешкімге мұқтаж болмайтындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүргенін қалаймыз. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз осы асқақ арманымызға қарай қадам жасаймыз. Біз елдің энергетикалық тәуелсіздігін шегелеп бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдырамыз. Бұл тарихи шешім Әділетті Қазақстанды құру жылнамасындағы жаңа парақшаға айналады», – деді Жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Ержігіт Аяпбергенұлы.

Кездесуде белсенді жастар референдум АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, өздеріне керекті жауаптарын алды.

БӨЛІСУ