Skip to content

КӨШБАСШЫ ДИРЕКТОРЛАРҒА АРТЫЛҒАН СЕНІМ ЖОҒАРЫ

«Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысы» бағдарламасының 20 қатысушысы жайлы мектеп директоры болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысы» жобасы сәтті жалғасуда. Бүгінгі таңда іріктеу мен дайындықтың барлық кезеңінен өткен 136 қатысушы директор болып тағайындалды. Оның ішінде 20 директор жайлы мектептерді басқарады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

«Оқудан, тағылымдамадан және әңгімелесуден өткен үміткерлерге сертификат беріледі. Соның негізінде одан әрі жұмысқа орналасу үшін олар кадр резервіне енгізіледі. Резервтегілер бірінші басшының бос лауазымына конкурстық рәсімдерден өтпей тағайындалады. Атап өтейік, барлық кезеңдерден сәтті өтіп, сертификат алғандарға «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты беріледі», – деп атап өтті Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісімен білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау жөніндегі жобаны іске асыруда. Үміткерлер 8 ай бойы құзыреттілікті бағалау, үш деңгейлі оқыту, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесуден өтеді. Резервке қабылданған жаңа буын басшылары кадр мәселесін шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар жаңа мектептерді, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептерді де басқаруға құзыретті болады.

Бүгінгі күнге Қызылорда облысында осы бағдарлама шеңберінде 5 мектептің басшысы тағайындалды.

БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.