Skip to content

ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Қоғамдық мониторингті күшейту. 2025 – жылы Қазақстанда e-joldar платформасы іске қосылады.

Автожолдардың жалпы ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мыңы – республикалық желі. Республикалық жолдардың нормативтік күйі 92%-ы, жергілікті жолдардың нормативтік күйі 87% -ды құрайды. Ағымдағы жылдың соңына қарай бұл көрсеткіштер ұлғаятын болады.

Елдің транзиттік әлеуетін жақсарту үшін жаңа бағдарламалық құжаттарға сәйкес жаңа жобалар дайындалуда. 2029 жылға дейін жалпы ұзындығы 4 мың шақырымнан асатын 10 ірі жобаны іске асыру жоспарда бар. Жобалау құжаттарын дайындау жүргізілуде, қаржыландыру көздері мен оларды тарту тетігі пысықталуда.
«Автожол жобаларының жүзеге асуына қоғамдық бақылауды күшейту үшін е-joldar бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылады. Мұнда жолдарды, оның арасында қала ішіндегі жолдарды салу және жөндеу туралы барлық ақпарат көрсетілетін болады. Платформа жұмыстарды жоспарлауды, сапаны бақылауды, қаражатты мақсатты пайдалануды қамтиды, жолдардың ұзындығы мен құны, олардың жай-күйі туралы деректер жарияланады. Барлық деректер ашық әрі қолжетімді болады», – деді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздегі автожол құрылысына, оның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керектігін айтқан болатын. Осыған сәйкес, 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық деңгейін 95 пайызға дейін жеткізу көзделді. Бүгінде Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3580,5 км құрайды. Оның 1014,5 км – республикалық, 555 км -облыстық, 2011 км – аудандық маңыздағы автомобиль жолдары. Қазіргі таңда ұзындығы 266 км құрайтын автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, осы жылы қаладағы Жаппасбай батыр көшесін 4 жолақтыға кеңейту жұмыстары аяқталды. Ал Яссауи көшесі қайта жаңғыртылып, тұрғындарға табысталатын болады.

2025 жылы платформа орташа жөндеу жобалары үшін пилоттық режимде, ал 2026 – жылы толығымен іске қосылады.

БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.