Қармақшы ауданы бойынша бүгінгі таңда 32 (1 ірі, 9 орта, 22 шағын) шаруашылық бойынша күзгі егін жинау жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде.

Жалпы егілген 13 270 га күріштің бүгінгі күнге 3 700 га (27,9%) орылып, 2 540 га (19,1%) бастырылды. Орта өнім 47,0 ц/га айналып, қамбаға 11 938 тонна астық құйылды.

Егін жинау жұмыстарына бөлінген 1 276 тонна дизель отыны қажеттілігіне қарай алынуда. Қазіргі таңда 538 тонна дизель отыны жеткізілді.

Егін жинау жұмыстарына 471 (156 трактор, 96 трактор тіркемесі, 75 комбайн, 82 жатка, 62 жүк көлігі) техника жұмылдырылған. Белгіленген мерзімде дала жұмыстарын аяқтау үшін тиісті шаралар атқарылуда.

Бекітілген кестеге сәйкес күріш ору жұмыстарын ағымдағы жылдың 30 кыркүйекке дейін, бастыру жұмыстарын 5 қазанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

БӨЛІСУ