2024 жылы Байқоңыр қаласының көпбейінді емханасында барлығы – 151711 дәрігерлік қабылдау жүргізілген. Оның ішінде 49,0 пайызы ауруына байланысты, 50,3%-ы алдын ала тексеру бойынша келіп қаралған. Үйге барып қызмет көрсету саны – 12167 құрады.

 Жыл басынан бергі барлық босану саны – 566 (2 егіз бала дүниеге келді). Демографиялық көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші 13,4 көрсеткішті құрап отыр.

 Скринингтік тексерулерге тұрғындар арасынан – 16306 халық жоспарланып, 89,5 % тексерулермен қамтылған.

 Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту және медициналық тексерулер қолжетімді болу үшін профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын нысаналы топтарға қызмет түрін жақсарту мақсатында облыстық онкологиялық орталықтан 2 жылжымалы медициналық кешен келіп, 1795 тұрғын мамографиялық 274 тұрғын компьютерлік томографиялық 266 тұрғын ультрадыбыстық тексерістен өткізілді.

Қазіргі таңда Байқоңыр қаласының көп бейінді ауруханасы 170 төсекпен қамтылса, жыл басынан берi ауруханаға – 1934 науқас түскен.

 Ағымдағы жылдың 8 айында 71 ота жасалған. Алдағы уақытта ауруханада омыртқа мен перифериялық нервтердің патологиясы кезінде нейрохирургиялық операцияларды енгізу жоспарлануда.

Биылғы жылы аурухана 5 дана санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілді.

 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының Байқоңыр қалалық филиалы тарапынан ауруханаға 10 дана компьютерлік жүйелік блог табысталды.

 Жыл соңына дейін заманауи компьютерный томограф, цифровая маммографическая система, флюорограф, ЛОР комбайн, дефибрилятор, наркозно-дыхательный аппарат, керуерт, монитор пациента аппараттарымен қамтамасыз етіледі.

БӨЛІСУ