Облыстық мәслихат депутаттары Қызылорда қаласы Полиция басқармасының материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары  Әмірбек Бердібекұлы және  Аида Ибрагимқызы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дәулет Беркімбаевпен кездесіп, уақытша ұстау изоляторына барды. Изолятордың тыныс – тіршілігімен танысып, режимдік корпустарын аралады. Оларға изолятор қызметін ұйымдастыру жайлы ақпарат берілді.

Кездесу барысында депутаттар басқарманың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Жедел басқару орталығында оларға бейнебақылау камераларының мүмкіндіктері, “102” мобильді қосымшасының, кеудеге тағылатын бейнетіркегіштердің жұмысы көрсетілді.

Полиция басқармасын аралау барысында жергілікті атқарушы органдардың көмегін қажет ететін бірқатар проблемалар айтылды. Полиция бөлімдерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жан-жақты қолдау көрсету мәселесі де қозғалды.

Мәслихат депутаттары полицияның жұмысына оң бағасын беріп, заманауи техника және ресурстармен жарақтандырылуын кезең – кезеңімен нығайту қажет екендігін атап өтті.

Бүгінде елімізде полицияның жұмысына барынша қолдау көрсетіліп, оңтайлы жағдай жасалуда.

Облысымызда бүгінгі күні қылмыс деңгейі айтарлықтай азайып, қазіргі уақытта өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты. Осы тұрғыда полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтау – қылмыс санын азайтуға септігін тигізуде.

БӨЛІСУ