Бүгін педагогикалық колледжде Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс – офицері Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлы мен Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы, мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы және колледждің ұйымдастырушы педагогы Айбибі Жәнібектің қатысуымен «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында жастармен сұхбат алаңы өткізілді.

Шара барысында спикерлер жастарға құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ жемқорлықсыз қоғам құрудағы әр адамның жеке бас мәдениетін, ар-намыс құндылықтарының маңыздылығын, бүгіннен таза тұлғалық болмыс қалыптастырудың ел болашағы үшін қаншалықты бағалы екендігі жөнінде айтып, тәрбиелік бағыт берді. Қатысушы студенттерге аталған мәселеге тап болған және куә болған сәтінде тиісті органдарға хабар беру, бейтараптық позициясында қалмауды ескертіп, құқықтық тұрғыда ақпараттандырды. Сұхбат алаңы сұрақ-жауап айдарымен өрбіп, жастармен еркін пікір алаңы құрылды.

БӨЛІСУ