Қызылорда қаласы Полиция басқармасы бастығы Беркімбаев Дәулет Сүлейменұлы қала тұрғындарымен кездесіп, халық көкейіндегі сұрақтарға жауап берді

Тұрғындардың тарапынан басқарма бастығына интернет-алаяқтық, әкімшілік айыппұлдар, бағдаршамның жұмыс жасау тәртібі, мотоскутерлер мен мопедтер, көшедегі кептелістер туралы сұрақтар қойылды.
Тұрғындармен кездесу барысында, олардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап басқарма бөліністеріне нақты тапсырмалар берілді.
Полиция қызметкерлерінің жұмыстарына оң баға беріп алғыс білдіргендерде болды, атап айтсақ учаскелік полиция және патрульдік полиция батальоны жұмысына ризашылығын алғыс арқылы білдірді.

Басты мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, құқықтық кеңестер беру, қоғамдық орындарда, саяжайларда, құрылыс объектілерінде, базарларда, шаруа қожалықтарда, жалдамалы пәтерлерде, шалғай жерлерде тексеру жұмыстарын жүргізу.
Сонымен қатар, маскүнемдер, нашақорлар, қолайсыз отбасылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу.

БӨЛІСУ