Сырдария ауданында мемлекеттік грант алып, мал шаруашылығымен айналысатындар қатары көбейіп келеді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдаудың ұлттық жобасы» аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алып, қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған азаматтың бірі Cырдария ауданы, Қалжан ахун ауылының тұрғыны Болысбек Ділдабаев мамыр айында алған мемлекеттік қайтарымсыз грант қаражатына бірнеше қой сатып алып, есігінің алдында шағын қой шаруашылығымен айналысуды бастап кетті. Жеке кәсіпкер грантқа қатысуға бел буып, cәуір айының басында тиісті құжаттарын өткізген ол комиссияның алдында бизнес жоспарын сәтті қорғаған. Нәтижесінде грант тағайындалған.
— Қазақта “Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір” деген қанатты сөз бар. Қой шаруашылығымен айналысу қазақтың қанында бар кәсіп. Осы істі бастауға мемлекеттік қайтарымсыз гранттың пайдасы мол болды, — дейді Болысбек Ділдабаев. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта осы кәсібін жалғастырып қой шаруашылығын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

БӨЛІСУ