«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндама негізінде енгізілген «Еліміздің мақсатты мектептерін дамыту» жобасына бойынша жиын өтті. Оған биыл Қазалы ауданынан 6 мектеп, 2025 жылы 8 мектеп енгізіліп отыр.

«Мақсатты мектептер» жобасының негізгі мақсаты – кемшіліктері көп мектептерді дамыту және қайта жандандыру, өзара әрекеттесу бойынша нақты қадамдар ұсыну екенін айта кету керек.

Осыған орай, 16 қыркүйек күні Әйтеке би кенті № 288 орта мектеп ғимаратында аудандық білім бөлімінің басшысы Ә.Жөлекешовтің қатысуымен мақсатты мектептер бойынша аталған білім ұйымдарының директорларымен мектепті дамыту бағдарламасын талқылау бойынша кездесу өтті.

Мектепті дамыту бағдарламасы «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының ұсынған 7 бағыт бойынша дайындалды.

Әлемдік білім кеңістігіндегі оқушыларымыздың жетістіктері мен білім сапасындағы көрсеткіштердің тұрақтылығын сақтау, жоғары деңгейге көтеру бойынша биыл елімізде «Мақсатты мектеп» немесе «Еліміздегі 943 нысаналы мектеп» жобасы іске асырылуда.Бүгінде әдіскерлердің және педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және білім саласында жаңа идеяны іске асыруға мүмкіндік беретін әдістемелік кеңістік құру зор маңызға ие болып отыр.

Педагогтар қауымына сапалы қолдау көрсету үшін әдістемелік қызметті жаңғырту және жүйелеу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты әдіскерлердің кәсіби құзыретін, әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.Бұл бағытта «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы облыс бойынша кәсіби даму институты да өз тарапынан тиімді жұмыстар атқаруда.

БӨЛІСУ