М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінде “Қоғамдық келісім” мекемесінің ұйымдастыруымен «ВАНДАЛИЗМ – ҚОҒАМ ДЕРТІ» тақырыбында кездесу өтті. Оған колледж оқытушылары, 200-ге жуық студенттер қатысты.

Кездесуде колледж директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Рзахметқызы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Қуаныш Жарекеев, “Қоғамдық келісім” КММ бөлімінің басшысы Нұргүл Дүйсебаева сөз сөйлеп,
қатысушылардың назарына вандализм , нашақорлық және лудомания туралы танымдық бейнеролик ұсынды.
Қазіргі кезде түрлі пирамиданың, жарнама сайттардың көбеюі салдарынан жәбірленушілердің де қатары артуда. Азаматтардың құқықтық мәртебесін қорғап, алаяқтық қылмыстардың алдын алу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Спикерлердің айтуынша құмар ойындарды ойнауға қаржылық сауаттылықтың болмауының әсері бар. Алайда, құмар ойынға беріліп, тәуелді болатындардың психологиялық себептері барын да айтып өтті.
“Мектеп жасынан бастап оқушыларды қаржылық сауаттылыққа оқытса, олар кем дегенде қаржы алаяқтарынан сақтана алады”, – деді.
Кездесу барысында сала мамандарына студенттер тарапынан сұрақ қойылды. Алаяқтыққа кезіккен жағдайда одан шығу жолдары мен бағыт-бағдарлары айтылды.
Сондай-ақ, аталмыш оқу орнының студенттеріне вандализм, нашақорлық, қауіпті ойындардан сақтану мен олардың зияндығы туралы 70-тен аса ақпараттық бүктемелер таратылды.

БӨЛІСУ