2024 жылы Қармақшы аудандық емханасына барлығы – 132 891 дәрігерлік қабылдау жүргізілген. Оның ішінде 40,5% ауруына байланысты, 59,5% алдын ала тексеру бойынша келіп қаралған. Үйге барып қызмет көрсету саны – 12 746 құрап, былтырғы жылдан 730 қызметке төмендеп отыр.

 Скринингтік тексерулерге тұрғындар арасынан – 16 107 халық жоспарланып, 94,6 % тексерулермен қамтылған.

 2024 жылы ауданда барлық босану саны – 259. Демографиялық көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші 267 /8,3% көрсеткішті құраған.

 2024 жылдың басынан ауруханаға – 3897 науқас түскен. Ағымдағы жылы ауруханада жалпы 213 хирургиялық, 6 лапароскопиялық ота жасалған.

 Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту және медициналық тексерулер қолжетімді болу үшін профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын нысаналы топтарға қызмет түрін жақсарту мақсатында жылжымалы медициналық кешенімен ауданда 13 222 халық жоспарланып, оның 8 056 медициналық тексерулерден өтті.

Қармақшы аудандық ауруханасы былтырғы жылы 1 дана санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілсе, биыл 7 дана санитарлық автокөлік берілдi. Қыркүйек айының соңына дейін қосымша 7 дана санитарлық автокөлікпен қамтылмақ.

Былтырғы жылы «АУЫЛ ЕЛ – БЕСІГІ» бағдарламасы аясында 174,9 млн. теңгеге аудандық аурухана ғимаратының қасбеті мен шатыры күрделі жөндеуден өткізілді.

 «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жоба аясында 2023 жылы Тұрмағамбет, Ақжар және Дүр Оңғар ауылдарына жаңа дәрігерлік амбулатория салынса, 2024 жылдың аяғына дейін Қуаңдария және Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекет ел игілігіне табысталатын болады.

 Былтырғы жылы неонатальный неинвазивный терапия ИВЛ+nCPAP, транскутанный билирубинометр для новорожденных аппараттарымен қамтамасыз етілсе, биыл монитор пациента, дефибрилятор, наркозно-дыхательный аппарат, керуерт, ЛОР комбайн, стол операционный, светильник операционный аппараттарымен қамтамасыз етіледі.

 Медициналық қызметтің сапасын арттыру мақсатында ауруханаға компьютерлік томография аппараты алынды.

Қармақшы аудандық ауруханасының «Шипагер» емханасына блокты-модульды қазандық салу жұмыс жобасы бойынша жылу қазандығы орнатылды.

БӨЛІСУ