Аудандық Халықтық штаб мүшесі «Мағжан и К» ЖШС ұжымымен кездесті.

Шаруа қожалық ұжымымен кездесуде штаб өкілі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндады. Оның ішінде атом энергиясына қатысты мәселелер де талқыланды.
Аудандық Халықтық штаб мүшесі Дархан Ералиев: Атом электр станциясының құрылысы қай елде болмасын жаңа мүмкіндіктер ашады. Жұмыс істеп тұрған атом электр станциясындағы бір жұмыс орны, орта есеппен инфрақұрылымда 10-ға дейін жаңа жұмыс орнын жасақтайды. Атом электр станциясының құрылысы оның айналасындағы инфрақұрылымды дамытуды да көздейді. Мәселен, аймақты дамытудың жаңа бағдарламасы жасалып, онда жолдар, мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер және т.б. салынады. Атом электр стансасының құрылысы жергілікті бюджетке түсетін салықты арттыруға серпін беріп, ұзақ уақыт бойы электр энергиясының тұрақты бағасын қалыптастыруға ықпал етеді,-деді.
Кездесуде шарауашылық ұжымы атом энергиясы жайлы өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.

БӨЛІСУ