Аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовтың қатысуымен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар, жауапты білім беру ұйымдарының басшыларымен бірге жиын өтті.
Қазіргі таңда профилактикалық шаралар аудан бойынша тұрақты түрде жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін кәмелетке толмағандардың арасындағы басты мәселелердің бірі түнгі уақытта ата-анасыз жүрген балаларды болдырмау мақсатында аудандық прокуратура, аудандық полиция департаментімен бірлескен түнгі рейд жұмыстары күшейтілетінін айтты.
Мектеп-оқушы-ата-ана үштағаны үйлесімділікте жұмыс жасауы қажет екені ескертілді.
Сондай-ақ, жыл басында облыс әкімдігі, облыстық прокуратура, облыстық полиция департаментімен бірлескен «Жол картасы» аясында іс-шаралар таныстырылды.
Бала тәрбиесіне қатысты құқық қорғау органдарымен бірлескен түрде пікір алмасып, ата-аналар тарапынан тиісінше мәселелер қозғалды.