Бүгін аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхамед Бохаев «Ұлттық мұра» жобасы аясында Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Бибі-Ана» атты ел аналары арасындағы облыстық байқауда аудан мерейін үстем етіп, жеңіске жету жолында ерік-жігер танытқан Перуза Әмитқызы Өткелбаеваны қабылдап, сый-құрмет көрсетті.

Өнер деп аталатын өнегелі жолда өз қолтаңбасын қалдырып, аудан руханиятының дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан П.Әмитқызы бүгінде «Ұлағат» ардагерлер ансамблінің мүшесі. Зейнетке шықса да өнерге деген құштарлығы болар, бүгінде ол рухани-мәдени шаралардың ортасынан табылады. Өнер оның өмірінің бір бөлігіне айналып кеткендей.

Аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев өзге ауданға барып, көпшілік қатысқан байқауда бар өнерін салып, аудан абыройын асқақтатқан П.Өткелбаеваға аудан әкімінің арнайы Алғысын жеткізді. Кездесу барысында өнерлі жан Перуза Әмитқызы құрмет көрсеткен азаматтарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

БӨЛІСУ