Байқоңыр қаласында өткен «Халық достығы» VII қалалық ұлттық-мәдениеттер фестивалінде облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінен құралған топ қатысты, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің дипломмен марапатталды.

Фестиваль халықтар арасындағы достықты нығайтуға, ұлттық мәдениеттердің өзіндік ерекшелігін ашу, әртүрлі этностардың көзқарастарына, нанымдарына, рухани және эстетикалық құндылықтарына төзімділікті қалыптастыру және ұлтаралық байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылған.
Шараның салтанатты ашылуы орталық алаңында өтті. Фестивальдің ашылуында облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин мен қала қонақтары сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.
Фестиваль бағдарламасына «Достық» шеруі, «Ғасырлар тереңінен!» ұлттық тағамдардың көрме-байқауы, «Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы шығармашылығының байқау-көрмесі, «Халық достығы, халық байлығы» бейнелеу шығармашылығының байқау-көрмесі, «Достастық» командалық эстафетасы, «Халық ойындары» спорттық жарыстары, «Достық дөңгелек биі» және «Байқоңыр – менің қалам» байқауы кірді.
Шараға Қазақстан Республикасы және Ресей Федерация өңірлерінен келген өкілдерінен, қалалық кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарынан құралған топтар қатысты.

БӨЛІСУ