Отбасы күніне орай Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Зияткер отбасы» интеллектуалды сайысы өтті.
Білім сайысының мақсаты – отбасындағы бірлік пен ынтымақты дәріптеу, сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту болып табылады.
Іс-шарада «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров алғы сөз сөйлеп, отбасы құндылықтарының маңыздылығына тоқталды.
Төрт кезеңнен құралған сайысқа 5 отбасы қатысты. Бірінші кезеңде сұрақ-жауап, екінші кезеңде салт-дәстүр, үшінші кезеңде мақал-мәтел, төртінші кезеңде тұрмыстық бағыттағы сауалдар қойылды.
Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Айгүл Мұсабаева береке мен бірлігі артқан, бақытты отбасылар көп болсын деген ізгі тілегін білдіріп, сайысты қорытындылады. Қатысқан отбасыларға алғысын айтып, жеңімпаздарды жариялады.
Нәтижесінде, бірінші жүлделі орынды – Мұратовтар отбасы, екінші орынды – Махмұтовтар отбасы, үшінші орынды – Жарқынбековтер отбасы иеленді.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен «Қоғамдық келісім» КММ директоры Камалов Бақытжан Жарылқасынұлы атынан дипломдар табысталды.

БӨЛІСУ