Сырдария аудандық емханасында 2024 жылы барлығы – 149 839 дәрігерлік қабылдау жүргізілген. Оның ішінде 39,49 пайызы ауруына байланысты, 60,17%-ы алдын ала тексеру бойынша келіп қаралған. Үйге барып қызмет көрсету саны – 10 100 құрап, былтырғы жылдан 857 қызметке төмендеп отыр.

 Скринингтік тексерулерге тұрғындар арасынан – 3 879 халық жоспарланып, 94,5 % тексерулермен қамтылған.

 2024 жылы ауданда барлық босану саны – 471. Демографиялық көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші 13,66 пайыз көрсеткішті құраған.

 Жыл басынан берi Сырдария аудандық ауруханасына – 2 858 науқас түскен. Төсек күн жоспарының орындалуы – 100,4%.

Ағымдағы жылы ауруханада жалпы саны 199 хирургиялық ота жасалған. Қазіргі таңда Сырдария аудандық ауруханасы 110 төсектік тәуліктік стационар, тәуліктік стационарға қарасты 35 төсектік күндізгі стационармен қамтылған. Емханаға қарасты күндізгі стационар төсек қоры – 185.

 “Ауыл-ел бесігі” бағдарламасы бойынша Аманкелді ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына 91 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 Бұрынғы Оңалту және паллиативтік көмек бөлімінің ғимаратының сыртқы қасбетіне және терезелерін ауыстыру үшін облыстық бюджеттен 146 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған оңалту бөлiмi жөнделген соң облыстық деңгейдегi науқастарға көмек бередi.

Мемлекет қаржысын тиімді пайдалану мақсатында Қалжан ахун, Асқар Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин елді мекендеріндегі дәрігерлік амбулаторияларының қазандығы қатты отыннан газга ауыстырылды.

 Аудан орталығынан шалғай орналасқан Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді және Бесарық ауылдық округі тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында Аманкелді дәрігерлік емханасы ВА200 биохимиялық анализ анықтайтын аппаратпен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде аталған ауыл тұрғындары биохимиялық қан талдауларын Аманкелді дәрігерлік емханасында тапсыра алады. Сонымен қатар, жаңадан ИХЛ аппараты алынып, халыққа қызмет көрсетуде.

 Ағымдағы жылы регистратор комбинированный для амбулаторнорго мониторирования АГ и ЭКГ, электрохирургический высокочастотный (ЭХВЧ) аппарат, инфузионный насос, аппарат отоакустической эмиссии, 1 дана аудиометр, детский инкубатор для интенсивной терапии құрал-жабдықтары алынды.

 Мекеменің материалдық-техникалық базаларын нығайту мақсатында 4 238 640,0 теңгеге компьютер жабдықтары алынды.

 Былтырғы жылы “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” Ұлттық жобасы аясында Н.Ильясов ауылында дәрігерлік амбулатория салынып, ел игілігіне табысталды.

 Өңір басшысының қолдауымен ағымдағы жылы ауданға 11 дана санитарлық автокөлік беріліп, елді мекендерде орналасқан дәрігерлік амбулаторияларға таратылды.

БӨЛІСУ