Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиевтің төрағалығымен Ведомствоаралық жұмыс тобының (бұдан әрі – ВАЖТ) кезекті отырысы өтті.
Отырысқа ВАЖТ-ның мүшелері, Облыстық полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің және Шиелі ауданы әкімінің аппаратының басшылары қатысты.
Ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының күн тәртібінде
3 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қызылорда ОПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі С. Қамитбеков «Жылжымайтын мүлік объектілерінің «Мекен-жай тіркелім кодын» (РКА) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне енгізу кезінде орын алған кемшіліктердің салдарын жою бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы» туралы баяндама жасады.
Екінші мәселе бойынша Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ басшысы Д. Сырлыбаев Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жай-күй туралы атап өтіп, сондай-ақ Бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша туындап отырған проблемалық мәселелерді баяндады.
Үшінші мәселе бойынша Шиелі ауданы әкімінің аппарат басшысы Ғ. Каримов Шиелі ауданына қарасты мемлекеттік органдар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жай-күйі туралы есеп берді.
Сонымен қатар, жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін дербес бөлімдер арқылы орын алған бұзушылықтарды бұдан әрі болдырмау мақсатында атқарылған шараларға тоқталып, алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу қатаң бақылауда болатынын атап өтті.
Отырысқа қатысушылардың тарапынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарламашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныс пікірлер білдірілді.
ВАЖТ мүшелерінің шешімімен аталған мәселелер бойынша Департамент тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданатын болады.

БӨЛІСУ